«АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕПІЛГЕ АЛУ АРҚЫЛЫ КРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМПАНИЯЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ

Автокөлік құралдарын кепілге алу арқылы кредиттеу жөніндегі компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі коммерциялық емес ұйым — қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады. 

АССОЦИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты - Қауымдастық мүшелерінің қызметін үйлестіру, Қауымдастық мүшелерінің ортақ мүліктік және өзге де мүдделерін білдіру және қорғау болып табылады.

ҚАУЫМДАСТЫҚ

ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ:

Мемлекеттік органдарда

жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, соттарда, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда, басқа заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;

Халықаралық, республикалық

және өңірлік мемлекеттік бағдарламаларды және әлеуметтік-экономикалық даму жобаларын әзірлеуге қатысу және іске асыруға жәрдемдесу, республикалық инвестициялық саясатты қалыптастыруға қатысу;

Қауымдастық мүшелерінің

мемлекеттік органдармен өзара тиімді әрекет етуін ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасында

Қауымдастықтың басым міндеттерін жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу.

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Тұрақты жұмыс істейтін басшы органы орналасқан жер:

Қазақстан Республикасы, индексі 050057,

Алматы, Бостандық ауданы, Жароков к-сі 124, «TAURUS» БО, 8 қабат.

Қауымдастық құрамына келесі компаниялар кіреді:

«Автокөлік құралдарын кепілге алу арқылы кредиттеу жөніндегі компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі мәтін бойынша — Қауымдастық деп аталады), осы Жарғыда көзделген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін құрылған және өз қызметінен пайда алу мүмкіндігін бермейтін Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады. Қауымдастықтың әрекет ету мерзімі шектелмеген.

Қауымдастық Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына, заңды тұлғалардың қызметін анықтайтын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес және оның негізінде жұмыс істейді.